Joom!Fish config error: Default language is inactive!
 
Please check configuration, try to use first active language

 Ақмешітке қатынаудың машақаты азаяды


Company News


28 / 06 / 17
Сезон удался на славу!

More
28 / 06 / 17
Трижды золотые

More
28 / 06 / 17
Ақмешітке қатынаудың машақаты азаяды

More

Ақмешітке қатынаудың машақаты азаяды

There are no translations available.

Тамыры тереңге жайылған тарихы бар, имандылық ұйыған орта, Бекет атаның кіндік қаны тамған жер - Ақмешіт мекеніне жетудің азабы туралы бүгінге дейін жеткілікті айтылып та, жазылып та жүр. Бекет Мырзағұлұлының 265 жылдығы тойланған биылғы жылы Жылыой ауданы халқы мен кәсіпкерлерінің күшімен бірқатар мәселелер шешімін тапты: мешітке барар тозығы жеткен жол күрделі жөндеуден өтті, түнемелік үй мен Ақмешіттің арасына төсемтас төселді. Кезек күттірмейтін ендігі мәселе – ауыз су тасымалы да оң шешімін тапқанға ұқсайды.

Елбасының тапсырмасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру аясында жергілікті «Нефтестройсервис ЛТД» компаниясы Ақмешіттің 20 жыл бойғы шырақшысы Ислам қажы Мырзабекұлының мерейлі 70-жасқа толуына орайластырып қасиетті мекенге сыйымдылығы 4 м3 тіркемесі бар әмбебап Беларус МТЗ 82.1 тракторын сыйға тартты.

 


«Қыста 2-3 ай бойы қар қалың жауған кездерде көліктер тұралап қалады да, еліміздің түпкір-түпкірінен ағылған халық аудан орталығынан шалғай жатқан Ақмешітке жете алмай қиналады. Қытымыр аязда ауыз суды уақытылы тасымалдау тіптен қиынға соғады. Аудан басшыларына жағдайымызды айтып, қолғабыс етулерін өтінгенбіз, көмек көп күттірмеді. Бүгін «Нефтестройсервис» компаниясы басшысының орынбасары Омар Ақдірашев бауырымыз су жаңа трактордың кілтін ұстатты, дән ризамыз» - деп мерейтой иесі Ислам қажы Мырзабекұлы қуанышымен бөлісті.

 

Қуаттылығы 82 аттың күшіне тең, құны 10 млн теңгені құрайтын соңғы шығарылымдағы Беларус МТЗ 82.1 әмбебап тракторы ауыл, орман, тұрғын үй-коммуналдық және қойма шаруашылықтарына, өнеркәсіп жұмыстарына арналған. Ортақ қуанышқа жиылған жылойлықтар енді Жемдегі Ақмешіт басындағы шаруашылық өрге басатын болды деп тарқасты.