Бос жұмыс орындары

   Вахталық әдіспен жұмыс жасау. Өз ісінің кәсіби шеберлері  «Нефтестройсервис Лтд»ЖШС таңдайды.

      Өзінің 20 жылдық тарихында «Нефтестройсервис Лтд»ЖШС компаниясы өзін Батыс өңірінің ең үздік құрылыс және мұнайсервис компаниясының бірі етіп көрсетіп қана қойған жок, сонымен қатар жақсы Жұмыс беруші ретінде де көрсете білді. Біз бос жұмыс орындарын іздеушілерге Атырау қаласынан да сонымен қатар, басқадай өңірлерден де вахталық әдіспен жасайтын жұмысты ұсынамыз.

     Вахталық әдіспен жасайтын жұмысқа құрылыс және инженерлік саланың мамандары: монтаждаушылар, электриктер, дәнекерлеушілер, механиктер, краншылар және т.б қажет етіледі. Әйелдер әкімшілік-шаруашылық бөлімдерге, іс жүргізу, кадрлар бөлімі, бухгалтерияға қажет етіледі.

   Қазіргі таңда, іс жүзінде кез келген жұмыстың негізін білікті кадрлар құрайды. 

   Қызметкерлерге тиісті деңгейде қолдау көрсетпейінше нарықта көшбасшы позицияларды ұстау мүмкін емес. НСС компаниясында қызметкерлерге адал көзқарас таныту ең басты артықшылық болып табылады.

   «Нефтестройсервис Лтд» компаниясындағы вахталық әдіспен жұмыс жасаудың артықшылықтары:

  • Тұрғын жаймен және  күніне үш рет толымды  тамақпен қамтамасыз ету;
  • Бәсекеге қабілетті жалақы;  
  • Медициналық қызметпен қамтамасыз ету 
  • Компания есебінен оқу, кәсіби даму, мансабты көтеру
  • Компания қызметкерлерінің қалыпты  жұмысы мен  жайлы демалысы үшін  барлық қажетті жағдайлар жасалған. Вахталық тұрғын қалашықтары спорт кешені, фитнес зал, кинотеатр, мейрамхана және 8 мың адамға асхана сияқты инфрақұрылымдық нысаналармен жарақталған.
  • Дүкендер, медицина пункттері, кіру жуу орны қызмет көрсетеді. Компания персоналдың жемісті жұмысы және жайлы тұрмысы үшін барлық жағдай туғызуға күш- жігерін салады.

    НСС еліміздің  көптеген әлеуметтік маңызы бар жобаларына атсалысып жүр. Бұл жобалар мансабты өсіру жолында орасан зор тәжірибе және баспалдақ болып табылады. Компания бастамашыл және еңбекқор мамандарға қашанда қолдау көрсетеді. Өз міндеттерін абыроймен атқаратын қызметкерлер құрылыс объектісінде «өсіп», әрқашан компания Басшылығынан қолдау табады. Көбінесе, оларды мүмкіндігі мен кәсіби дағдысын арттыру үшін анағұрлым үлкен жобаларға ауыстырады.

   Компанияның көпжылдық саясаты келесі ұстанымдарға негізделген:  

  • Адамдар мен қоршаған ортаны қорғау,
  • Жұмыс сапасын кешенді түрде қамтамасыз ету,
  • Қызметкерлерге адал көзқарас таныту.

   Барлық білікті мамандарды  «Нефтестройсервис Лтд» ЖШС компаниясына жұмысқа шақырамыз! 

 

 

Краншы -  5 жыл жұмыс өтілімен

Автоэлектрик – жұмыс тәжірибесімен  

Арнаулы техниканың операторы  -  5 жыл жұмыс өтілімен

Самосвал паркінің жүргізушісі  - 5 жыл жұмыс өтілімен

Құм бүріккіш - жұмыс өтілімен

Сырлаушы - жұмыс өтілімен