8 наурыз халықаралық әйелдер күні. Осыған орай «NSS» компаниясы мереке қарсаңында мекемеміздің аруларын құттықтады. Оларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, гүл шоқтарын тарту етті. Біз барлық нәзік жанды аруларды, қыз-келіншектерді келіп жеткен көктемнің ару мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Көңілдеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын. Көктемдей құлпырып жүре беріңіздер.