НСС компаниясының қызметкерлері Отбасы күнін отбасылық көңілді жарыспен атап өтті.
Бірнеше отбасылық жұп жарысуға зор құлшыныс танытты. Жүргізушінің позитивтік энергиясынан қуат алған ересектер мен балалар жеңіс үшін барынша тырысып бақты. Бұл күнгі ауа райы да бірі-бірімен көбірек араласып, сұхбаттасқысы келетіндер үшін қолдау көрсеткендей жақсы болды. Балаларға арналған сурет салу ойыны, фейс арт, отбасылық интеллектуальды жарыстар және спорттық эстафеталар, әндер, билер бұлардың барлығының арқасында ересектер мен балалар бір –бірімен танысып, жағымды эмоциямен қанаттанып, жақсы әсерге бөленді. Әлбетте, ешкім сыйлықсыз қалған жоқ.
Бұл елгезек балалар үшін де, олардың үнемі жұмыстан қолдары босамайтын ата –аналары үшін де ұмытылмастай күн болды!
Бейресми жағдайда әріптестеріңмен бірге жақсы уақыт өткізу – міне, күнделікті қарбалас өмірде көбіне жетпейтіні осы!
Шенсіз араласу адамдарды бірін-біріне жақындатуға, жақсы түсінісуге көмектеседі, ал осындай ұжыммен бірге өткізген шаралар бір серпілтіп, ауызбіршілігін одан сайын бекіте түседі.
НСС-тің отбасылық мерекесі осының айқын айғағы!
Отбасы күнімен құттықтаймыз!
Әрбір отбасында береке бірлік, тыныштық пен махаббат әрқашан үстемдік құрсын!