28 қараша күні Атырау мемлекеттік университетінің “Жайық” спорт кешенінде бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды.

Ринг қожалары 4 медаль жеңіп алды: : «алтын» – Ержан Ордабаев (56 кг дейін), «қола» – Рашид Салауатов ( 49 кг дейін), Азамат Досмағамбетов ( 64 кг) және Нұрлан Нұрсейітовке (91 кг дейін) бұйырды.

Чемпион атанған Ержан Ордабаев жарыс демеушілерінің бірі «НефтеСтройСервис Лтд» ЖШС-нің атынан жаңа Chevrolet Aveo автомобилін сыйға алды .