Биыл турнирге 28 команда қатысты. Топтық кезеңнің бірінші ойынында NSS аяқдопшылары TASP командасын 2:0 есебімен ұтты. Екінші ойында NSS-ке ISKER ORKEN командасы қарсылас атанды. Шиеленіс пен қарымта шабуылға толы өткен ойын NSS-тің пайдасына 4:3 есебімен аяқталды. Топтық кезеңнің соңғы ойынында NSS SK құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті.

   Жартылай финалда NSS 3:1 есебімен KAIMAK құрамасын тізе бүктіріп, финалдық ойында KTR ұжымына қарсылас атанды. Финалдық кездесуде командалар көп уақытты қорғаныста өткізді, сирек шабуылдардың бірінде NSS жігіттері  жалғыз гол соғып, турнирдің екі дүркін жеңімпазы болды.

  NSS-тің орталық қорғаушысы Ұзақбаев Азамат турнирдің үздік ойыншысы атанды.

   НСС компаниясының екінші футбол ұжымы да Маңғыстау облысында кіші аяқ доптан өткен НКОК Кубогін иеленді. Турнирге 8 команда қатысты. NSS футболшылары топтық кезеңде қарсыластар қақпасына жауапсыз 7 гол соғып, өз қақпасын құрғақ сақтап қалды. Жартылай финалда «Жас Қанат» командасынан 1:0 есебімен басып түскен NSS финалда турнирдің көшбасшысы «West Dala» құрамасымен кездесті. Финалдық ойын қызыққа, тартысты таласқа толы өтті. Кездесудің бірінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпаларына бір мәртеден гол соқты. Таблодағы есеп ойынның соңына дейін сақталды. Ойыннан кейінгі пенальти сериясында NSS 3:2 есебімен жеңіске жетіп, НКОК кубогін төбелеріне көтерді.