Елімізге белгілі кәсіпкер Ибрагим Акдрашевқа «Махамбет ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Жоғары марапатты табыстауға Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аманшина Света Ертілеуқызы мен аудандық мәслихат хатшысы Мырзашев Марат Оразұлы арнайы келді.
Марат Оразұлы Ибрагим Акдрашевтың Махамбет ауданының ауыл-шаруашылығы секторын дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету жолындағы тынымсыз әрі табысты еңбегіне ерекше тоқталып, төсбелгі иегеріне аудан халқы атынан алғыс айтты.
Сондай-ақ жиында Ибрагим Шияпұлы Тұрар Рысқұлов атындағы қордың «Ауылға еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды. Салтанатты шараға жиналған ел ардақтылары Ибрагим Акдрашевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан сүбелі үлесін жастарға үлгі етіп, келешек ұрпақты ел үшін аянбай қызмет етуге шақырды.