Тәуелсіздік күні қарсаңында НСС-тің бас менеджері Ибрагим Акдрашев экономика мен әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін “Құрмет” Орденінің иегері атанды.

Акдрашев Ибрагим Шияпұлы 1963 жылы Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде көпбалалы отьасында дүниеге келді.
1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазан химия-технологиялық университетін химик-технолог мамандыңы бойынша тәмамдады. Қызметтік мансабын сол жылы қазіргі Жаңаөзен қаласындағы Қазақ Мұнай Өңдеу зауытында 5 дәрежедегі технологиялық құрылғылардың операторы қызметінен бастады. Кейін ҚазМӨЗ-дің газды күкіртсіздендіру қондырғысының басшысы қызметіне ауыстырылды.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, жеке кәсіп иеленуге мүмкіндік туған жылдары Ибрагим Шияпұлы өз қаражатын Атырау облысының экономикалық дамуына жұмсады. 1997 жылы ол құрылыс және сервистік қызметтер көрсетуші «Нефтестройсервис Лтд» ЖШС құрды. 20 жылдан астам тарихы бар НСС бүгінгі таңда жарғы капиталында қазақстандық 100% үлес бар, Батыс Қазақстанның тұрақты даму жолындағы құрылыс және мұнайсервистік қызмет көрсетуші компанияларыдың бірі саналады. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 5000-нан астам адам еңбек етеді. Ибрагим Шияпұлының басшылығымен НСС Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарында күрделі жобаларды жоғары деңгейде жүзеге асырып келеді.
2019 жылы іске асырылған маңызды жобалар қатарында ірітүйіршікті және ұсақтүйіршікті бетон өндіру зауытын іске қосу, АМӨЗ аумағындағы ұзындығы 57000м2 құрайтын автожолды жөндеу жұмыстары жүргізу, Чинарев мұнай-газ конденсат кен-орнындағы УКПГ-3 жаңа зауытының факелді құрылғыларын іске қосу жұмыстарына қатысу. Уақытылы әрі сапалы жасалатын жұмыстар арқасында НСС компаниясы бүгінде «Теңізшевройл» ЖШС, АҚ «ҚазМұнайГаз ҰК», «Қазтрансойл» АҚ, «NCOC N.V», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В», «ССС», «Worley Parsons Ltd» компанияларымен серіктестік байланыста жұмыс істейді. Мұның барлығы Ибрагим Шияпұлының басты қағидалары: адамдар мен қоршаған ортаны қорғау, жұмыс сапасын кешенді қамтамасыз ету және қызметкерлерге адал көзқарас танытуға негізделген саясатының арқасында мүмкін болды.

Ибрагим Шияпұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуды қолдайды. 2019 жылы БӘЖ аясында НСС Құлсары қаласында (Атырау облысы) және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында спорт кешендері құрылысын бастады. 3 қабатты спорт кешенінде қазақша күрес, бокс, волейбол, баскетбол үйірмелері жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ спорт кешенінде тренажерлық зал, дәрігерлік пункт, асхана, шешіну бөлмесі, дәретхана және жуыну бөлмелері орналасады. Нысанды іске қосу 2020 жылға жоспарланған. Сонымен қатар 2019 ж НСС атыраулықтарға олимпиадалық резервтегі жаңа веломектеп сыйлады. Веломектепте 7 мен 17 жас аралығында 80 жасөспірімнің тегін велоспортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Жас спортшылар Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың VINO брендімен шығарылған велосипедтерде жаттығады. Веломектептің жанында велосипед, арнайы форма, спорттық құрал-сайман, әлемдік брендтердің түрлі аксессуарлары сатылатын велодүкен жұмыс істейді. Бұған қоса велодүкен велосипедті жалға беру және жөндеу қызметтерін ұсынады.
Осы жылы НСС мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға дәстүрлі көмек көрсету аясында 2.855.558 тг жұмсады.
2019 ж сәуір айында Ибрагим Шияпұлы Венгрия мен Қазақстан арасындағы экономикалық және сауда-саттық қатынастарды дамытуға қосып жүрген сүбелі үлесі үшін Венгрия президенті Янош Адердің атынан “Рыцарлық Крест” орденімен марапатталды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ол Махамбет және Қызылқоға аудандарының «Құрметті азаматы» атанды.