НСС компаниясының Теңіздегі филиалының басшысы Халиолла Акдрашев жыл сайынғы мұнай-газ саласының ең беделді 50 тұлғасын марапаттауға арналған KAZSERVICE “50 The most influential people”-2019 салтанатына қатысты.

Оған марапатты «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма Төрағасы Жақсыбеков Әнуар Еркінұлы табыстады. Биылғы жылы сала үздіктерін марапаттау салтанаты Қазақстан мұнайының 120-жылдық мерейтойына тұспа-тұс келді.

50 ықпалды тұлғаның тізімін жасауға еліміздің мұнай-газ және мұнай-сервис саласының үздік мамандары жұмылдырылады. Сарапшылар қатарында: тәжірибелі журналистер, аналитиктер, консалтингтік агенттіктер мамандары мен алпауыт компаниялардың өкілдері бар. Тізімге енетін компанияның жергілікті нарыққа тигізер ықпалына баса назар аударылады. Сонымен қатар, компанияның нарықтағы құны, мұнай өндіру нарығындағы үлесі, бюджетке төленетін салық көлемі, білікті мамандар штаты, үміткердің атқаратын қызметі және компанияның саладағы әлеуметтік және экономикалық маңызы секілді міндетті шарттар ескеріледі.