НСС жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол-2017» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қолдау көрсетеді. Компания жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасы бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлауды басты мақсаты санайды.
2017 жылы НСС аталмыш акция аясында 1 млн.тг кеңселік керек-жарақтар мен мектеп формасын сатып алды.
Өткен аптада компания өкілдері Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің және 19 мектеп-гимназиясыоқушыларына портфель және оқу құралдарын табыс етті.