«Нефтестройсервис» компаниясының тарихы сонау 1997 жылдың тамыз айынан бастау алады, бұл кезде компания өзінің алғашқы өндірістік жұмыстарын газды қайта өңдеу саласынан бастады.

   Компания өз қызметінің алғашқы күндерінде қосалқы мердігер ретінде сатымонтаждау, оқшаулау жұмыстары сияқты өндірістік қызметтер көрсету, сонымен қатар білікті мамандармен орындалатын жұмыстарды ұйымдастыру мен ұсыну қызметтерін атқарды. Компания негізін қалаушы Ибрагим Акдрашев бастан кешкен қиын кездерді былай еске алады:

 «Біз компанияны құрған кезде «УАЗ» маркалы бір машинамыз және жиырмадан сәл астам мамандарымыз болды. Алайда бұл мамандар өз ісінің хас шеберлері еді, олар компанияның бетке ұстар ұйытқысы болатын. Кейіннен біз венгер компаниясы «Ведепсермен» келісім-шарт жасастық. Бұл кездері біздің техникамыз да, кеңсеміз жоқ еді. Алайда менің командам компанияны көтеру мен клиенттердің сенімін ақтау үшін күндіз-түні тынбай еңбек етті. Біз еңбек жолымызды тәй- тәй басып қадам жасаған кезде, кеңсе орнына кішкене ғана вагоншаны пайдаланатынбыз».

   Жылдар өтіп, компания дамып, қанаты бекіді. Міне, бүгінде «Нефтестройсервис» компаниясының қанаты кеңге жайылып, штат саны өсті, өз бетінше жұмыс жасай алатын толыққанды тәуелсіздігін дәлелдей отырып, жүзеге асқан жобалар қоржынын айтарлықтай толықтырды.

   Саны 5000-нан асатын адал көзқарасты жұмысшы персоналдан қолдау тапқан сенімді де талапкер басшылар тобы Қазақстандағы мұнайгаз нарығында жергілікті компаниялардың да бәсекеге қабілетті және табысты бола алатындығын айқын дәлелдеді.

   Қазіргі таңда «Нефтестройсервис» ЖШС компаниясы «Теңізшевройл» компаниясының ең сенімді мердігерлерінің бірі болып табылады. Компания еңбекті, қоршаған ортаны қорғау, сапаны бақылау, сонымен қатар қауіпсіздік техникасын сақтауды орындау мен оларды жақсарту бойынша барлық міндеттерді өз мойнына алады.

  Компанияның басқару жүйесі ISO: 90001, 14001 және OHSAS – 18001 стандарттарына толықтай жауап береді. Компанияның жалпы шешуші құндылықтары Тапсырысшыны Қауіпсіздік Техникасы, Қоршаған ортаны Қорғау, баға мен жеткізу талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерін күшейтіп, жобаның өмірлік циклы бойы тұрақты қызметпен қамтамасыз етіп келеді.

МЕРДІГЕРЛЕР

  Өз қызметін көптеген қосалқы мердігерлер қатарында жүріп бастаған «Нефтестройсервис» тобына кіретін компаниялар «Теңізшевройл», «Parker Drilling», «Сенімді құрылыс», СП «Бехтель-Энка», «Арктик Констракшн», Parsons Energy & Fluor Daniel, NCOC NV, KPO B.V. сынды сонымен қатар, тәжірибесі мен тарихы мол көптеген ірі компаниялардың тікелей мердігер деңгейіне жетті.

   «Нефтестройсервис» олар үшін жобалау, құрылыс, өндіріс және жеткізу бойынша тапсырыстарды сапалы орындады. Бұл мынадай ұстанымдарға сүйенген компания саясатының арқасында мүмкін болды:

– Адамдар мен қоршаған ортаны қорғау ,

– Жұмыс сапасын кешенді қамтамасыз ету,

– Қызметкерлерге адал көзқарас таныту.

ЖЕТІСТІКТЕР

   Осы уақытқа дейін «Нефтестройсервис» компаниялар тобы құрылыс-монтаждау жұмыстарының 145 түрін игерді. Компанияда әрқашан дайындалған және жоғары білікті мамандар талап етіледі.

   Өзін меншікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін компания басшылығы 2002 жылы оқу орталығын құрды. Оқу қазақ, орыс, ағылшын және венгр тілдерінде жүргізіледі. Компания пенопласт, темір бұйымдары, сэндвич-панель және асфальт өндірісі бойынша жаңа цехтар салды. Компанияның соңғы жетістігі болып «Биоремедиация» жобасын іске асыру саналады. Жоба аборгиенді көмірсутекті қышқыл микроорганизмдерді қолданып, мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған жерлерді тазалау мен қалпына келтіру технологиясын құрайды. Аталмыш технологияны қолданудың артықшылығы қысқа мерзімде ластанған аумақтағы агробиоценозді толықтай қайта қалпына келтіру болып табылады. Мұнай көмірсутегінің қышқылдану тиімділігі 99% дейін өседі. Технология деректері Қазақстанның батыс өңірлеріндегі жағдайларға барынша бейімделген.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

   Компания өз өңірінде айтарлықтай қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетіп жүр. Осы көмектің шеңберінде 2011 жылы «ҚазМұнайГаз» АҚ бөлінген қаражаттан 250 орынға балалар лагерін салды. 2002 жылы компания сондай-ақ Жаңаөзен қаласында«Кендірлі» демалыс аймағын салды. Аумағы 7.5 га болатын «Кендірлі» демалыс базасы Жаңаөзен қаласынан оңтүстікке қарай 7 км ара қашықтықтағы шығанақта орналасқан.

   2008 жылдан бастап компания облыстық, республикалық және халықаралық шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге белсенді қатысып жүр.

   Компания қызметінің ірге тасы өз серіктестерінің сенімін ақтауға негізделген. Компания қызмет еткен жылдары Атырау облысында жұмыс жасайтын ірі жерқойнауын пайдаланушылардың алдында беделін нығайтып, сенімін ақтады.