Шараға ТМД мемлекеттерінің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің төрағасы Серік Сәпиев, атақты дзюдошы Максим Раков, еліміздің көк туын көктен түсірмей жүрген кәсіпқой боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаев, бокстан 2019 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазы Бекзат Нұрдәулетов пен біріншіліктің қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов, Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов қатысты.