Күрделі жөндеу жұмыстары уакытынан бұрын аяқталды.
НСС «CIS Kashagan» компаниясымен бірге НКОК-тың «Болашақ» мұнай мен газды кешенді өңдеу зауытында өткен күрделі жөндеу жұмыстары кезінде өз міндеттерін ойдағыдай атқарды. Атап айтқанда, НСС пен «CIS Kashagan жөндеу жұмыстарына қатысатын компаниялар жұмысшыларын тамақтандырып, оларға офистік үй-жай ұсынды. Жөндеу жұмыстары кезінде бас-аяғы 6000 жұмысшы тамақтандырылды, 400 адамға арналған 100 офистік контейнер, асханалық жабдықпен қамтылған шатырлар, санитарлық және қоймалық контейнерлер орнатылды. Барлық контейнерлерге жарық, жылу, желдеткіш және ауа тазарту жүйесі тартылды. Аумақты тазалау жұмыстарын да НСС атқарды. Тамақ және офистік контейнерлер ұсыну жобасына НСС пен «CIS Kashagan» компаниясынан 120 адам қатысты.
Сондай-ақ НСС «KNGS» компаниясының құрамында күрделі жөндеу кезінде 15-тен астам ремонттық-механикалық жұмыстар атқарды. Оның ішінде:
- 4 тазарту қазандығын қаптау,
- Күкір өртеуге арналған 2 пеш орнату
- Металлқұрастырылымдарды ауыстыру және жөндеу
- 2 күкірт шұңқырын тазалау
- 6 күйдіру камерасын жөндеу
- 10 конденсаторды және 8 парлық барабанды слесарлық өңдеу
- 6 реакторды және 2 реактивті пешті жөндеу
- Құбыр желілері мен бу жинағыштарды істен шығару мен тазалау
және т.б жұмыстар бар. Құрлықтағы «Болашақ» зауытын күрделі жөндеуден өткізуге НСС пен KNGS-тің 1000-ға жуық жұмысшысы тартылды. Барлық ремонттық-механикалық жұмыстар өз уақытында, сапаны бақылау стандарттарына сәйкес, ешқандай жарақатсыз және апатсыз орындалып, Тапсырыс берушінің «Әлемдік деңгейдегі жетістік» деген бағасына ие болды.
Күрделі жөндеуден кейін «Болашақ» зауытында мұнай өңдеу көрсеткіші жаңа тарихи рекорд орнатып, тәулігіне 370 мың баррельге жетті.