Балаларға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық!

Жыл сайын өткізілетін республикалық “Қамқорлық” акциясы аясында НСС компаниясы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының аз қамтылған және көп балалы отбасы бүлдіршіндеріне қамқорлық жасады. Компания оөілдері 9 мектеп оқушысына күртешелер, спорттық костюм және аяқ-киім сыйлады. Балалар жаңа киімдерді қуанышпен киіп қарап жатса, ата-аналары НСС басшылығына шексіз алғыстарын жаудырып жатты.
2016 жылдан бері НСС әлемдегі ең алпауыт компаниялардың бірі NCOC.NV.-дің Маңғыстау облысы Баутино портында орналасқан теңіздегі және құрлықтағы операциялар базасында логистика және техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Баутино портында жұмыс бастаған сәттен бері НСС Түпқараған ауданы, мен Форт-Шевченко қаласының әлеуметтік өмірінде бой көрсетіп келеді.

НСС өзінің алдына қойылған әлеуметтік міндеттерді орындауға аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сондай міндеттердің бірі ретінде НСС-тің Түпқараған ауданының бірнеше мектеп түлегінің жоғары оқу ақысын төлеуін атап айтуға болады. Осылайша, НСС мектеп түлектеріне жоғары білім алуға ғана емес, сонымен қатар еліміздің өндіріс саласында қазақстандық мамандардың қатарының көбеюіне де ықпалын тигізеді.

Сондай-ақ, НСС әлеуметтік осал топтарды, соғыс және еңбек ардагерлерін назардан тыс қалдырмай, мерекелерде оларға сыйлық ұсынады.