Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні мерекесінің қарсаңында доссорлықтарға жаңартылған саябақ пен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған ескерткіш тарту етілді.

“Нефтестройсервис Лтд” ЖШС-нің бас менеджері Ибрагим Акдрашевтің бастамасы бойынша “Рухани Жаңғыру” бағдарламасының шеңберінде поселкенің тұрғындары үшін маңызды объект болып саналатын демалыс саябағы мен Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш жаңаратылды.

    Күннің суығына қарамастан ашылу салтанатына  жас баладан бастап еңкейген қарияларға дейін жиналды. Олар едәуір жаңартылған саябақ пен  қан майданда қаза болған аталарының құрметіне арналған ескерткішті тамашалай қарады.

    – Біз елбасының туған өлкемізді көріктендіру үшін бизнес-қоғамдастыққа қатысу идеясын қуана қолдадық. Кезінде осы Доссор мұнайы басқадай  мұнай кенорындарын игеруге негіз болды. Саябақ Доссор тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны болады деген үміттеміз! – деді НСС өкілі Рашид Отаров.

   Ауданы 7000 кв.м және құны 70 млн тг астам болатын жобаның құрылысы бірнеше айға созылды. Ескерткіштен басқа, мұнда мәңгілік алау мен орындықтар орнатылған, газон төселген, мәдени шаралар өткізуге арналған алаң бөлінген.