Бүгін 1 желтоқсан күні біз пайдалы істі жағымды іспен ұштастырдық және қалалық мүгедек-әйелдер қоғамына азық-түлік апардық.
“Біз үшін уақыт бөлгендеріңіз үшін көп рақмет. Біз мұны Сізге ештеңемен қайтара алмаспыз, бірақ Алла Сіздерді жарылқасын!, -деп қоғамның төрайымы Бақтыгүл апа шын жүректен ризашылығын білдірді.
Негізінен, қалалық қоғам деп артықтау айтылған. Мүгедек әйелдерді санаулы демеушілер ғана қолдап жүр, олар бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлмелі пәтерін жалға алып отыр.