«Инжтехсервис» ЖШС

   1994  жылдан бастап «Теңізшевройл»ЖШС-нің ресми мердігері болып табыламыз. Бүгінде «Инжтехсервис» ЖШС Теңіз, Королев және Қарашығанақ кен орындарындағы мұнай-газ өндіру  мен өңдеу объектілеріндегі монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары саласында мынадай бағыттар бойынша көшбасшы болып танылды:

   Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨА және А), жылу, желдету және ауаны кондиционерлеу, электрохимиялық қорғаныс, жүккөтеру механизмдері, механика және электр жұмыстары.

    «Инжтехсервис» ЖШС-нің сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі бойынша жұмыстар жасауға №000372 мемлекеттік лицензиясы бар.

   «Инжтехсервис» ЖШС сапаны  басқару жүйесі  ИСО 9001 халықаралық стандартына сәйкестікке СQS сапасын сертификаттау бойынша Қауымдастығымен сертификатталған.

   «Инжтехсервис» ЖШС  Теңіз мұнай және газ кен орындарында –КТЛ-1, КТЛ-2, «Train5» «12 Бағдарлама» күкіртті түйіршіктеу, ЗСГ және ПВП;  ГП-2 және КПК Қарашығанақ газконденсатты кен орны; КТК-К құбыр консорциумының «Теңіз», «Атырау»  және «Үлкен Шаған» сорғы стансасы. Бұл жобада біз электржабдықтың, БӨА және А, өрт және газ анықтау жүйелері, ОВиКВ және ЭХЗ монтажы мен қосу-реттеуі бойынша жұмыстар атқардық.

   «Инжтехсервис» ЖШС-дегі кәсіптің негізгі салалары:

  • ГПЗ және Мұнай кәсіпшіліктеріндегі қолданыстағы 110 кВ кернеуге дейін отандық және шетелдік электржабдықтың монтажы мен іске қосу –реттеуі;
  • Өрт сигнализациясы мен өртке қарсы автоматика жүйелерінің монтажы, іске қосу-реттеу мен пайдалану
  • Ауаны желдету және кондиционерлеу жүйесінің монтажы мен іске қосу-реттеу жүйесі.
  • Желдету қондырғыларын санитарлық-гигиеналық эффектіге паспорттау
  • Жүккөтеру механизмдерін жөндеу, реттеу, сынау және техникалық куәландыру
  • Катодтық қорғаныс станасаларын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету
  • Катод қорғанысы жай-күйінің мониторингі  (DCVG)
  • Желдету қондырғыларының, агрегаттарының, ауамен салқындату аппараттарының және сорғы-компрессор жабдықтарының  вибрациялық сипаттамаларын, желдету сипаттамаларын өлшеу мен талдау(мониторинг)
  • Жұмысшы персоналға өнеркәсіптік вибрацияның зиянды әсер деңгейін өлшеу