НСС-тің UGP 3GP жобасындағы монтаждық бригадасының еңбегі жоғары бағаланды!
Жақында ғана 100 000 м3 бетон өндіріп, айтулы белесті бағындырған БКЖ Бетон зауыты ұжымының ізін суытпай UGP 3GP жобасы бригадасы да НСС-тің марапаттар қоржынын толықтырды. Өткен аптада ТШО өкілдері жоғары дәрежелі мамандардан құралған монтаждық бригада жұмысшыларына ТШО БКЖ-ның ережелерін сақтап сапалы жұмыс жасағандары үшін мадақтама мен купондық сыйақы табыстады.
Әрине, аталмыш марапат жобадағы қай жұмысшының болса да адами және кәсіби тұрғыдан жетілуіне септігін тигізері анық. UGP 3GP монтаджық ұжымы болашақта да сапалы еңбек етіп, өзіне артылған міндетті абыроймен атқаруға ниетті.
