Қазақстандық қайырымгерлер мен меценаттар стартта.
Өткен демалыста Щучинск-Бурабай курорттық аймағында әлемдегі ең ауқымды қайырымдылық-спорттық іс-шара – бесінші #СharityTourdeBurabay2017 велошеруі болып өтті. Алаңға бірнеше жүздеген қатысушылар мен филантроптар жиналды.
Қайырымдылық аукционының ең ірі лоты “Астана” велокомандасының жарысушысы италияндық марқұм болған Микеле Скарпонидің құны 20,5 млн тг тұратын велосипедін “Нефтестройсервис Лтд”ЖШС компаниясының Бас менеджері Ақдрашев Ибрагим Шияпұлы сатып алды.
Сонымен қатар, оның Вуэльта 2017 испандық көпкүндік жарыстың үш кезеңіне “Астана” командасымен барған сапары 2,2 млн құрады.

Аукционнан түскен барлық қаражат балалар медициналық мекемелері мен балалар үйіне аударылады.