Жуырда Алматыда Сүлеймен Акдрашевті еске алуға арналған ашық достық турнирі өтті.
Турнирде еліміздің барлық өңірінен жиналған 8 команда өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын және 100.000 тг «Сарыбастау» командасының қанжығасында кетті. «Оқу процесін қамтамасыз ету батальоны» командасы екінші орын және 70.000 тг ие болды. Үшінші орын мен 50.000 тг «Бәймен» командасына бұйырды. Төртінші орынды «Асау» командасының жігіттері алды.
Барлық жеңімпаз командаларға Кубок пен естелік медальдар табысталды.