Өткен демалыс күндері “Теңіз” вахталық поселкесінде футзалдан Сүлеймен Акдрашевті еске алуға арналған турнир өтті.

Жарысқа Сүлейменнің Теңіз кенішіндегі компанияларда қызмет ететін достары, әріптестер жиналды.

   Финалдық кезең тартысқа толы болды. Аяқ допшылар әр допқа таласып, әр шабуылды қақпаға соққы бағыттауға дейін жеткізуге тырысты. Турнир соңында жүлделі орындар төмендегідей үлестірілді:

    Жарыс қожайындары, бүгінгі күні буын алмасу кезеңін бастан өткеріп жатырған “НСС” командасы III орынды қанағат тұтты.

 “Хемимонтаж” жігіттері қайсарлық пен жеңішке деген құштарлық танытып күміс медальдарға ие болды.

  Жеңімпаз кубогін Батыс әуесқой футбол лигасының белді ұжымы “Өмірзақ” командасы бастан асыра көтерді. 

   Жүлдегерлерге алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді.

   Құттықтаймыз!

  Реті келгендей айта кетейік, Сүлеймен Акдрашевтің өзі де футбол спортының жанкүйері болған. Оның сүйікті командасы ағылшындық “Манчестер Юнайтед” еді. Студент кезінде Сүлеймен Экзетер университеттің футбол командасы сапында “қорғаушы” позициясында ойнады.