1 мамыр күні Теңіз кенішінде “Теңізшевройл” ЖШС Болашақ Кеңейту Жобасына арнайы тауарлық бетон өндіру зауытының І фазасы тапсырылды. Толық кешен құрылысы “Нефтестройсервис Лтд” ЖШС-нің күшімен жүзеге асуда.
Шараға «Теңізшевройл» ЖШС ККЖ бас менеджері Джим Де Майо да қатысты. Жоба 2 кезеңмен іске асады. Бірінші кезең – негізгі ғимарат, цемент сақтау қоймасын тұрғызуды және бетон қоспалауыш жабдықты орнату жұмыстарын қамтиды. Қазіргі таңда бірінші кезеңнің барлық құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Зауытта екі араластырғыш қоспалауышпен жарақталған және инертті материалдар, су мен химиялық қоспаны автоматты түрде дайындайтын бетон қоспалауыш жабдық пайдалануға берілді. Зауыт сағатына 200 м.куб В15, В25 және В35 маркалы бетон өнімдерін дайындайды.
“Бұл сөзсіз заманауи кешен. Өндіріс толықтай автоматтандырылған, сондықтан жұмыс күшін аз талап етеді. Мәзір компьютерге енгізілген, инертті және тұтқыр материалдардың, қоспалардың қажетті мөлшерін іліп қояды және бұлардың барлығы қоспалауышта араластырылады. Өндіріс кезінде қателер мүлдем болмайды”, – дейді пайдалану жөніндегі инженер Михаил Чарлин.
Жаңа өндірісте тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау, автобетонқоспалауыш пен бетонсорғыны жуу бойынша мәселелер қалдықтармен айналысатын жабдық көмегімен шешу жоспарланып отыр. Аталмыш жабдық көмегімен одан әрі пайдалануға болатын техникалық суды және құмды-қиыршық тасты қоспаны алуға болады.
«Құрылыстың бірінші кезеңіне 500 адам тартылды. Қазір зауытта 30 маман жұмыс істейді. Келешек Кеңею Жобасы еліміздің экономикасына күмәнсіз маңызды үлес қосады. Жаңа жұмыс орындары құрылады, қазақстандық тауарлар мен қызметтердің біршама көлемі сұранысқа ие болады. Біздің компания еліміздің экономикасын дамыту тізбегіне қатысып, айтарлықтай үлес қосып жүргенін мақтан етеді», – деп атап өтті «Нефтестройсервис Лтд»ЖШС-нің бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әмина Акдрашева.
Құрылыс жұмыстары кезінде жоба персоналдары жарақат пен жазатайым оқиғасыз 1 млн. жұмыс сағаты белгісінен аттап кеткенін айта кеткен жөн. Теңізшевройл» ЖШС ККЖ бас менеджері Джим Де Майо «Нефтестройсервис Лтд» ЖШС бас менеджері Ибрагим Акдрашевті жетістіктерімен құттықтап, құрмет грамотасымен марапаттады.
Қазіргі уақытта жұмыстың екінші кезеңі шеңберінде су сақтауға арналған көлемі 1000 куб.м екі резервуар құрылысы жүріп жатыр, зерттеухана, НПС және кеңсе ғимараты салынуда. Зертхана бетон мен бетон қоспасын сынаудан басқа, заманауи зерттеухана бетонды арзандату мен төзімділігін арттыру мақсатында бетон құрамын оңтайландыру үшін зерттеу жұмыстарымен айналысатын болады. Сонымен қатар, зауыт жұмыскерлері үшін Тапсырысшылардың күшімен 100 орынға асхана салынады. Жобаның ІІ кезеңін тапсыру ағымдағы жылдың аяғына жоспарланып отыр.