Кеше компанияның бизнесті дамыту жөніндегі директоры Акдрашев Сүлеймен Ибрагимұлымен бірге Жұмыскер кентінде тұратын церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың саулықтарын сұрап бардық. Күнделікті күйбең тіршілік арасында ерекше бүлдіршіндерге қуаныш сыйлағымыз келді. Кішкентай Злиха Сүлейменге “Сабағымды жақсы оқитын боламын” деп уәде берді.