Бізде Сапаны бақылау бөлімінің инспекторлар құрамы 53 адамды құрайды.
Сапаны бақылау бөлімі жұмыс жүйесінің тиімділігі жоспарлы аудиттермен, сонымен қатар басшылықтың тексерісімен бақыланады.
Сәйкессіздік актілерін болдырмау бойынша іс-әрекеттер жүргізіліп, түзетуші шаралар қабылданады.
Жұмыстың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары және клиенттердің талаптарына сәйкес тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін орындалған жұмыстардың және жинақталған Тәжірибе негізінде Сапаны қамтамасыз ету мен бақылау жүйесі жасақталып, жетілдірілді.
СББ инспекторлары құрылыс материалдарының сапасы техникалық шарттарға, ППР және бекітілген жұмыс сызбасы мен ASME және МЕМСТ талаптарына сәйкес зерттеухананың (созылуға, иілуге сынау, Шарпи бойынша соққы тұтқырлығына сынау, ПВХ дәнкерленген қосылыстарды сынау, макро секцияларды талдау, дәнекерленген қосылыстардың беріктілігін сынау, бұзбай бақылау әдісі ) механикалық сынақтарына сәйкес келетіндігіне көз жеткізуі керек.