Вахталық әдіспен жұмыс жасау. Өз ісінің кәсіби шеберлері «Нефтестройсервис Лтд»ЖШС таңдайды.
Өзінің 20 жылдық тарихында «Нефтестройсервис Лтд»ЖШС компаниясы өзін Батыс өңірінің ең үздік құрылыс және мұнайсервис компаниясының бірі етіп көрсетіп қана қойған жок, сонымен қатар жақсы Жұмыс беруші ретінде де көрсете білді. Біз бос жұмыс орындарын іздеушілерге Атырау қаласынан да сонымен қатар, басқадай өңірлерден де вахталық әдіспен жасайтын жұмысты ұсынамыз.
Вахталық әдіспен жасайтын жұмысқа құрылыс және инженерлік саланың мамандары: монтаждаушылар, электриктер, дәнекерлеушілер, механиктер, краншылар және т.б қажет етіледі. Әйелдер әкімшілік-шаруашылық бөлімдерге, іс жүргізу, кадрлар бөлімі, бухгалтерияға қажет етіледі.
Қазіргі таңда, іс жүзінде кез келген жұмыстың негізін білікті кадрлар құрайды.
Қызметкерлерге тиісті деңгейде қолдау көрсетпейінше нарықта көшбасшы позицияларды ұстау мүмкін емес. НСС компаниясында қызметкерлерге адал көзқарас таныту ең басты артықшылық болып табылады.
«Нефтестройсервис Лтд» компаниясындағы вахталық әдіспен жұмыс жасаудың артықшылықтары:
НСС еліміздің көптеген әлеуметтік маңызы бар жобаларына атсалысып жүр. Бұл жобалар мансабты өсіру жолында орасан зор тәжірибе және баспалдақ болып табылады. Компания бастамашыл және еңбекқор мамандарға қашанда қолдау көрсетеді. Өз міндеттерін абыроймен атқаратын қызметкерлер құрылыс объектісінде «өсіп», әрқашан компания Басшылығынан қолдау табады. Көбінесе, оларды мүмкіндігі мен кәсіби дағдысын арттыру үшін анағұрлым үлкен жобаларға ауыстырады.
Компанияның көпжылдық саясаты келесі ұстанымдарға негізделген:
Барлық білікті мамандарды «Нефтестройсервис Лтд» ЖШС компаниясына жұмысқа шақырамыз!
Краншы — 5 жыл жұмыс өтілімен
Автоэлектрик – жұмыс тәжірибесімен
Арнаулы техниканың операторы — 5 жыл жұмыс өтілімен
Самосвал паркінің жүргізушісі — 5 жыл жұмыс өтілімен
Құм бүріккіш — жұмыс өтілімен
Сырлаушы — жұмыс өтілімен