ТОО «Нефтестройсервис Лтд»

Главная страница » Іскерлік әдеп

Іскерлік әдеп

          Ұжымдағы қарым-қатынастың дұрыс болуын қамтамасыз ететін қызметтік қасиет  іскерлік этика деп аталады. Іскерлік этика – мәдениет пен құрмет, өзгелерге деген сыйластық көрінісін танытатын ұғым. «NefteStroiServise Ltd» компаниясы үшін іскерлік этиканының нормаларын сақтау өте маңызды.  Біз өз іс-әрекеттерімізге, қызметімізге адалдық пен өзгелерге құрмет көрсетуге баса назар аударамыз. Жалпы этика нормалары мен іскерлік әдеп кодексін білу «NSS» компаниясының әрбір қызметкеріне осы құндылықтарға сәйкес әрекет етуге және тиісті ережелер мен стандарттарды сақтауға көмектеседі.

Қызметтің жалпы принциптері:

          Біздің жұмысымыздың және қызмет қағидаттарымыздың  негізіне  – адалдық, әдептілік және адамдарға құрмет секілді басты құндылықтар кіреді. Бұл принциптер біздің барлық қызметімізге қолданылады және әрбір қызметкерден осы мінез-құлық стандарттары талап етіледі.  Біз жалпы жұмысымызда сенімділік, ашықтық, командалық жұмыс, кәсіпқойлық принциптерін ұстанамыз.  Сондай-ақ біз компаниямыздың серіктестері де  жұмыстың барлық аспектілерінде осы принциптерді ұстанады деген сенімдеміз.

 Іскерлік этика кодексі:

          Іскерлік этика кодексі қызметкерлерге адалдық  және адамдарды құрметтеу сияқты негізгі құндылықтарымызға сәйкес жалпы іскерлік принциптерді қолдануға бағыттайтын негізгі ережелерді қамтиды. 

 Ол заңды және нормативтік талаптарды сақтау және тұтынушыларға, жұртшылыққа,  әріптестерге қалай қарау керектігі туралы практикалық кеңестер береді. Іскерлік әдеп кодексі біздің қызметкерлер ұстануға тиіс мінез-құлық стандарттары мен нормаларын сипаттайды. Іскерлік этика кодексі сыбайлас жемқорлықпен күрес, ұлттық және халықаралық сауда, денсаулық сақтау, еңбек, қоршаған орта және қауіпсіздік, ақпаратты қорғау және алмасу сияқты мәселелерді қарастырады.

«Нефтестройсервис Лтд» ЖШС жедел желісі! →

«Нефтестройсервис Лтд» ЖШС бизнесті жүргізудің абыройы, адалдығы мен ашықтығы қағидаттарын ұстанады және біздің қызметкерлер мен серіктестеріміздің осы қағидаттарды сақтауына ерекше назар аударады.

Компанияның абырой- беделін одан әрі сақтау мақсатында заңнаманы және/немесе іскерлік әдеп кодексін бұзушылықтарды, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және НСС холдингінің қызметіне қатысты өзге де бұзушылықтарды уақтылы анықтау және болдырмау үшін жедел желінің іске қосылғанын қуана хабарлаймыз!

Жедел желі шеңберінде парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа, бухгалтерлік есеп саласындағы бұзушылықтарға, қорғалатын ақпаратты ашуға, жалдау мен еңбек жағдайларының теңсіз жағдайларына, этикаға жат мінез-құлыққа, денсаулыққа, қауіпсіздікке және қоршаған ортаға төнетін қатерлерге байланысты өтініштер қаралады.

Келіп түскен барлық хабарламалар НСС холдингімен тағайындалған тұлғаларына беріледі, олар шағымдардың кәсіби және құпия қаралуын қамтамасыз етеді. Хабарламаңызды тиімдірек өңдеу үшін сізден өзіңіз туралы ақпарат беру сұралады!