ТОО «Нефтестройсервис Лтд»

Главная страница » Гуманитарлық көмек жолдау (Ақтөбе облысы)

Гуманитарлық көмек жолдау (Ақтөбе облысы)

«Карат» ЖШС су тасқынына байланысты қиын жағдайға тап болған Ақтөбе облысының тұрғындарына қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек жолдады. Аса қажетті азық-түлік – ұн, бұқтырылған ет, макарон және киім-кешектер салынған гуманитарлық бокстар табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған. 

Күш біріктірер болсақ, бұдан да көп жанға қолдау көмек көрсете алатынымызға сенім бар. Біріксек, біз – күшпіз.