ТОО «Нефтестройсервис Лтд»

Главная страница » NSS» компаниясының қайырымдылық шаралары жалғасуда.

NSS» компаниясының қайырымдылық шаралары жалғасуда.

      Жаңа жыл барша бүлдіршіндердің асыға күтетін мерекесі. Жаңа жыл қуанышқа толы, ерекше сәт. Осы ерекше сәтті есте қаларлықтай өткізу мақсатында біздің компанияның өкілдері  облыстық мамандандырылған «Балалар үйі» мен « №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушілеріне барып қайтты. Мереке қарсаңында  балдырғандарға базарлық таратып, көңілдерін көтерді. Бірге би билеп, жаңа жылдық қойылымдарды тамашалады. 
      Біздің мақсатымыз  ата-ана қамқорлығынан ерте айырылған және мүмкіндігі шектеулі балаларды бір сәт сергітіп, оларға мерекені сезіндіру.  Айта кетейік, «NSS» компаниясы мұндай қайырымдылық шараларды үнемі өткізіп тұрады. Алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.